02.05.2019, 04:09

Өскеменде мыс зауыты өртенді

Өскеменнің «Қазцинк» мыс зауыты өртенді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі.

«Анод өндіретін цехта пеш қысымының төмендеуінен 300 шаршы метр аумаққа мыс төгіліп, цехтың 150 шаршы метрі өртенді», – деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі. 

Өрт сөндіру қызметі жеткенге дейін зауыттан өз бетінше 16 қызметкер шығып үлгерген. Тілсіз жауды сағат 19:25-те сөндіріп бастаған өрт сөндірушілердің жұмысы сағат 19:55-те аяқталды. 

Өрттен зардап шеккендер жоқ.