2019 жылы Apple компаниясының iPhone маркалы смартфондарын сатып алушылар азайды. Мұндай төмен көрсеткіш компания тарихында алғаш болып отыр, деп жазады bbc Russia.
Компания өкілдерінің хабарлауынша, iPhone сатылымынан түскен табыс былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға төмендеп, 31 млрд АҚШ долларын құраған.
Apple басшысы Тим Куктың айтуынша, наурыз айында смартфон бағасын Қытайда төмендегендіктен сатылым көлемі қайта артқан.
Комапания басшысылығы сатылымның төмендеуін бәсекелес Huawei Technologies пен Xiaomi өнімдері тутынушалырының артқанымен байланыстырып отыр.
Алдағы уақытта Apple табыс көзін смартфондармен емес, компанияның қызметімен байланыстыруды көздейді.