Шымкентте газдың иісінен үш адам уланып, екеуі көз жұмды. Қайғылы жағдай қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Газ таратушы мекеменің мәліметінше, иістен улану оқиғасы 1 мамыр күні кешкі сағат 21:02-де орын алған.
«Теріскей шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен 1972 жылы туған әйел мен 2000 жылы туған бойжеткеннің мәйіті табылды. Сондай-ақ, 1998 жылы туған жігіт иістен уланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына келген газға жауапты мамандар пәтерде су жылыту қондырғысының рұқсатсыз орнатылғанын анықтаған. Су жылытқыштың мұржасы сыртқа емес, қабырғаға қарай орнатылған» делінген хабарламада.