$ 494.87  520.65  4.91

Huawei-дің кесірінен Ұлыбританияның қорғаныс министрі жұмысынан босатылды

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Гавин Уильямсон жабық келіссөздерден кейін құпия ақпараттарды таратқаны үшін қызметінен босатылды. Оның ізбасары ретінде Британияның қазіргі даму министрі Пенни Мордонс тағайындалады, деп хабарлайды bbc.Russia.

«Бүгін ел премьер-министрі Гавин Уильямсонды кешке үкіметтен кетуін сұрады. Себебі, артқан сенімді ақтамады», - деп мәлімдеді Британ үкіметінің ресми өкілі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу барысында анықтағандай, Гавин Уильямс қытайлық Huawei компаниясымен 5G желісі жайлы жабық келіссөздерді сыртқа жариялаған.

Жабық есікте болған келіссөздерге қатысты ақпараттар 24 сәуірде таралып кетті. Осыған орай, Huawei компаниясы 5G байланыс желілерінің «сыни емес» компоненттерінің құрылысында пайдаланылатыны белгілі болды. Яғни, Huawei мобильді құрылғының арқасында телефон қоңырауларын қайда жіберуге және деректерді тасымалдауға болады.

АҚШ-пен қатар кейбір елдердің министрлері Британияның қытай компаниясымен ынтымақтастығына қарсы екендіктерін танытты. Олардың айтуларынша, бұл елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Кейбір саясаткерлер аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғауды талап еткенімен, журналистер өз кезегінде бұл сөз бостандығының принципін бұзу деп мәлімдеді. Іс жүзінде ішкі тергеуді Тереза Мэйдың көмекшілері бастады, деп жазады БАҚ өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары