2019 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрігі статистика комитетінің баспасөз қызметі.
«Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 401,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 323,0 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге (1,5 есеге асты), көлік және қоймалау саласында – 218,2 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 93,2 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 44,7 %-ға төмен»,-делінген хабарламада.
Статистика комитетінің мәліметінше, өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 322,7 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 109,0 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,3%-ға төмен.