Бейсенбіде Мехикодағы қонақ үйлердің бірінде «Уругвай аруы» байқауының бұрынғы жеңімпазы Фатими Давила өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Ria.kz.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қонақ үйдің жуыну бөлмесінде 31 жастағы әйелдің денесі табылды. Әзірше, оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.
Тергеу барысында жергілікті прокуратура Фатимидің 23 сәуірде Мехикоға жұмысқа тұру үшін келгені анықталды. «Уругвай аруы» байқауын жеңіп алғаннан кейін модель болып жұмыс істеді.
Сұлулық байқауының бұрынғы жеңімпазы Фатими Давиланың қайтыс болу фактісі бойынша іс қозғалды. Алайда, полиция Фатимидің өз-өзіне қол жұмсау мүмкіндігін жоққа шығармады.
Соңғы жылдары шет елден Мексикаға жұмыс іздеп келіп жатқан әйелдер қылмыстың құрбандарына айналуда.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың басында Мексика астанасының маңында орналасқан Экатепеке қалашығында шетелдік модельдің денесі табылды. Жергілікті полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, бойжеткен Венесуэла азаматы. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз жезөкше болған екен.
Сонымен қатар, бұған дейін Нуево-Леон штатында да шетелдік модель атылған еді. Сан-Педро қаласында дискотекадан шығып, көлікке отырған шағында ол шабуылға ұшыраған.