$ 494.87  520.65  4.91

Халық әнін шырқаған 12 жастағы Темірлан Украинадағы халықаралық ән байқауында 1-орын алды (ВИДЕО)

 «Жас Еуропа» халықаралық ән байқауында алматылық Темірлан Өсімқұл жүлделі бірінші орынды иеленді. 12 жастағы жерлесіміз халық әні «Дайдидауды» орындап, қазылар алқасын таңдай қақтырды, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Дәстүрлі конкурс биыл 12-рет Киев қаласында ұйымдастырылды. Оған әлемнің 9 елінен 80 жуық өнерпаз қатысқан. «Жас Еуропа» халықаралық ән байқауы биыл «авторлық», «ұлттық», «әлемдік хит», «халық әні» және «академиялық вокал» деп аталған бес аталым бойынша өтті.

Қазақстандық Темірлан Өсімқұл «халық әні» аталымы бойынша үздік шықты.

«Шығар алдында қобалжу болды. Бірақ одан кейін бәрі өтті, әнімді жақсы айттым. Көңіл-күйім керемет. Мұндай конкурстарға қатысқанмын, бірақ шетелге бірінші рет шығып тұрмын. Мен бүгін халық әні «Дайдидауды» айттым», –  дейді байқаудың жеңімпазы Темірлан Өсімқұл.

«Былтыр біз келген болатынбыз осында. Онда да біздің балалар өте тамаша ән айтып, орын алып қайтқан болатын. Енді биыл да мінекей балаларымыз өте тамаша әндерін өздерінің айтып, оның үстіне біз биыл кәдімгідей жақсылап дайындап келдік. Биыл былтырғы балалардан да кішкене жоғарылау балаларды алып келдік шынын айту керек. Бұл балалардың өзі халықаралық конкурстан да орын алған балалар. Сондықтан да қазір осы жерде де біздің көңілімізден шығып отыр. Өздерінің өлеңдерін өз тілінде айтты дағы, екі қызымыз украин тілінде, баламыз итальян тілінде ән айтты», –  дейді әділ қазылар алқасының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Қарлығаш Әбдікәрімова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары