$ 494.87  520.65  4.91

Малайзияда Ким Чен Ынның бауырын өлтірген әйел түрмеден босатылды

Малайзияда Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намның өліміне қатысты сотталған вьетнамдық әйел босатылды, деп хабарлайды РИА Новости.

30 жастағы Доанг Тхи Хыонг  жақын арада өз отбасына қайтып оралады. 

ІСТІҢ МӘН ЖАЙЫ

Бастапқыда Хыонгқа Ким Чен Намның өліміне қатысы бар деген айып тағылды. Алайда кейінірек істі қайта қарау туралы шешім қабылданды.

2019 жылдың 1 сәуірінде қайта қаралған істен кейін Хыонгты үш жыл және төрт айға соттады, бірақ кейін сот Вьетнам азаматын уақытысынан бұрын босату туралы шешім қабылдады.

Хыонг және Индонезия азаматы Сити Иджия Куала-Лумпурда 2017 жылдың ақпан айында жергілікті әуежайда Ким Чен Намды уландырған болатын. Шабуылды байқап қалған полиция қызметкерлері Хыонг пен Иджияны тұтқындады. Ал, жедел жәрдем көлігімен әуежайдан қалаға жеткізілген КХДР басшысының ағасы сол күні қайтыс болды.

Сотта екі әйел майлықтың улы болғанын білмегенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары