$ 448.15  483.46  4.86

Ақтөбе қаласындағы «Аяла» балаларды қолдау орталығынан өрт шықты

Ақтөбе қаласындағы «Аяла» балаларды қолдау орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 мамыр күні сағат 12.42 шамасында Ақтөбе қаласының «101» пультіне Авиақалашық ауданында орналасқан, өмірдің қиын жағдайына тап болған «Аяла» балаларды қолдау орталығының қос қабатты ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті», - деп хабарлайды комитеттен. 

Орталықтағы бөлмелердің бірінде жиһаз, матрастар өртеніп, тілсіз жау дәлізге шауып, жалпы аумағы 28 шаршы метрді шарпыған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 23 адам өздігінен қауіпсіз жерге көшірілді. Оның сегізі - балалар. 

«Сағат 13.08 кезінде өрт сөндіру қызметкерлері іске кірісіп, сағат 13.16-да тілсіз жау толық ауыздықталды. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Ақтөбе облыстық ТЖД жеке құрамынан 56 адам мен 11 арнайы техника жұмылдырылды», - деп хабарлайды комитеттен.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары