$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жүргізушінің куәлігі жоқ болған жағдайда қамауға алуынуы мүмкін

ҚР Бас прокуратурасы; жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізсе оны қамауға алу керек деген ұсыныс тастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, көбіне жүргізушілер айыппұл төлеп, құтылып кетеді. 

«Осыған байланысты аталмыш мәселенің алдын-алу мақсатында заңнамаға өзгеріс енгізу қажет. Әсіресе, көлік жүргізушілеріне қатысты. Күннен күнге куәліксіз жүрген жүргізушілердің саны артуда. Демек, мұндай жағдайда тап болмас үшін, куәлігі жоқ жүргізушіні қамауға алуды ұсынамыз», – деп қорытындылады Бас прокуратура.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда прокуратура жол қауіпсіздігі саласында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Яғни, еліміздің бірқатар жолдарының ахуалдарын жақсарту үшін бірқатар шаралар әзірленеді (Әкімшілік кодекске өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді қоса алғанда).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары