$ 445.66  474.58  4.78

Теңіз түбінде көне кеме табылды

Археологтар Мексика шығанағының түбінен 570 жылдық көне кемені тапты, деп хабарлайды politika.net.

Мексикалық сарапшылардың айтуынша, теңіз түбінде испан конкистадоры Хернан Кортестің зәкірі табылған. Мамандар оны шамамен 570 жыл бұрын жасалған деген тоқтамға келді.

Мексика шығанағында аталмыш зәкірдің табылуы, испан басқыншылығының басталуымен ерекшеленеді. 

Сонымен қатар, артефактың жасын анықтап білу үшін кеменің қалдықтарынан байқауға болады, дейді ғалымдар. Ескере кетейік, орта ғасырда кемелер ағаштан жасалған болатын. Дегенмен де, зерттеушілер Хернан Кортестің кемесі Испанияның солтүстігінде 1450-1530 жылдардағы ағаштардан құрылды дейді. 1519 жылы Кортес жаңа жерге шабуыл жасау барысында өзінің эскадрлық он кемесін су түбіне жіберген еді. Конкистадордың мұндай әрекетке баруының себебі, шабуыл барысында сарбаздардың артқа шегінбесі үшін жасалған, дейді сарапшылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кеме #теңіз