$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарлық полицейлер электронды түрде 12 мыңнан астам хаттама толтырған

Бүгінде Павлодар облысының құқық қорғау саласына электронды құрылғылар өз септігін тигізе бастады. Мәселен, жергілікті полицейлер электронды планшеттер арқылы 12 429 құқық бұзушылыққа айыппұл салған. Бұл туралы Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлады.

«Жыл басынан бері облыстың ішкі істер органдары планшеттердің көмегімен 14 030 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, ол хаттамаларды «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізіліміне» енгізді. Оның ішіндегі 1601-не ескерту жасалып, 12 429-не айыппұл салынды», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Жыл басынан бастап өңір полицейлері «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімінің» көмегімен 16 мыңнан астам хаттама толтырып, жалпы сомасы 86 млн. теңгені құрайтын айыппұл салған. Ал «электронды әкімшілік хаттамалардағы басты артықшылық не» деген сауалға келер болсақ, хаттама толтыру уақытын 1 сағаттан 5 минутқа дейін қысқартып, анкета толтыруға кететін уақытты азайтып, радиостанциялар арқылы адам мен оның көлігін іздестіру процесінің жойыла бастағанын атап өтуге болады. Электронды құрылғының тиімділігі соншалық, тек ЖСН-ді және мемлекеттік нөмірді терген кезде, аппарат бәрін анықтап бере алады. Сондай-ақ, цифрлық жаңашылдықтар сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға да өз үлесін қосып жатыр.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасындағы басты мақсат – құқық қорғау саласындағы кедергілерді жоюға негізделген. Атап айтқанда, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізуді электронды форматқа көшіріп, әкімшілік процестердің барлығын толықтай автоматтандыру. Бұған хаттама толтырудан бастап, айыппұл төлеуге дейінгі процедуралар кіреді. Бұдан бөлек, аталған саладағы ашықтыққа қол жеткізу де цифрландыру жұмыстарының арқасында мүмкін болып, одан сайын дами түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары