Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында, құқтарушылар өзеннен 16 жастағы жасөспірімнің денесін тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жасөспірім өзенді атпен өтпекші болған. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
Бірнеше сағатқа созылған іздестіруге құтқарушылармен бірге полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да ат салысты.
Алдын ала түскен ақпараттарға сәйкес, жасөспірім өзен жағасында мал бағып жүрген. Бір жағадан екінші жағаға өтпекші болған 16 жасар жасөспірім ат үстінен құлап, өзен суына ағып кетті.
«Хабарлама алғаннан кейін, біздің қызметкерлер дереу жолға шықты. Іздестіруге шамамен 50 адам жұмылдырылды. Өзеннің орташа тереңдігі - 3 метр. Іздеу жұмыстары өзен жағасында өтті. Оқиға орнынан 50 метр радиуста ИФ-50 өрт сөндірушілері жасөспірімнің өлі денесін тапты », - деді Аягөз ауданының төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Мади Кажибаев.