4 мамыр күні сағат 00:15-те «102» белгісіз ер адам хабарласып, теракт ұйымдастырып жатқанын айтқан, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шымкент қалалық полиция департаменті арнайы іздеу шарасын ұйымдастырып, күдіктіні қолға түсірді. Ол Тассай ауылының тұрғыны боп шықты.
Қазір ҚР ҚК бойынша «Терроризм актісін біле тұра жалған хабарлама тарату» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.