$ 445.66  474.58  4.78

«Қалтасынан мүшеқап шықты»: тұрмыс құрғанына 1 ай ғана болған келіншек мұңын шақты

Өзінен 10 жас үлкен ер адамға тұрмысқа шыққан келіншек көпшілікке мұңын шақты. Instagrаm әлеуметтік желісіндегі @aiel.kupyiasy парақшасында ол жұрттан кеңес сұрап, хат жолдаған. 

«Тұрмысқа шыққаныма 1 ай болды. Күйеуім 10 жас үлкен. 3-4 күннен бері отырыстар көбейіп кетті. Кеш келеді. Жаңа ғана қалтасынан мүшеқап тауып алдым. Енді жылап отырмын. Неге еркектер сондай? Өз-өзіме қарап, таза жүремін. Түрім де, фигурам да жақсы. Тамағын істеп, кірін жуып, үйін таза етіп ұстап отырамын. 

Қабағымды шытпаймын, сіз деп сөйлеймін. Енді не істерімді білмеймін. Мүшеқапты ашып, көріп, қайта целофанына салып, қалтасына салып қойдым. Негізі қалтасын тексермеймін. Тек жыртығын тігейін деп, байқамай көріп қалдым», – дейді ол.

Желі қолданушыларының бірі келіншекті сабырлы болуға шақырса, енді бірі «бұл жағдай жақсылықтың нышаны емес» деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мүшеқап