$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда бала ұрған меңгеруші жұмыстан шығарылды

Алматыда балаларға қол көтерген №37балабақша меңгерушісі жұмыстан шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Білім басқармасының 4 мамырдағы бұйрығымен №37 балабақшадағы оқиғаға байланысты аталған мекеменің меңгерушісі қызметінен босатылды», –  деді басқармадан. 

Еске салсақ, бұл оқиға 2 мамырда кіші балалар тобында болған. №37 балабақшаның тәрбиешісі педагогикалық тәрбиеге жат қылық көрсеткен. Анасы баласының көгерген бетін көріп, 3 мамырда балабақша меңгерушісіне шағым айтқан. Балабақша меңгерушісі мен анасы ішкі камера жазбаларын қарап шыққан. Кадрлардың бірінен тәрбиешінің қол көтергені анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары