$ 448.15  483.46  4.86

Қостанай облысында 1,5 мың га орман алқабы өртеніп кеткен

Жыл басынан бері облыс көлемінде бірнеше өрт тіркеліп, салдарынан 1,5 мың гектардан астам орман алқабы жанып кеткен. Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД мамандары өткізген брифингте айтылды деп жазады Қазақпарат.

Журналистермен кездесуде Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Өрімбаев жаз келіп, өрт қауіптілігі кезеңінің басталуына байланысты өңірдегі жағдай туралы әңгімелеп берді.

«Шаруалар ауыл шаруашылығы жұмыстарына дайындық кезінде қажетсіз шөп, сабанды өртеп жібереді. Көп жағдайда егістіктерді өртеу дұрыс қадағаланбайтындықтан жалынның орман алқаптарына өтіп кетуі жиі кездеседі», - деді А.Өрімбаев.

ТЖД өкілінің айтуынша, 29 сәуір мен 3 мамыр аралығында 188 өрт сөндірілген. Олардың 25-і - өрт те қалған 163-і - қураған шабындық, шөп пен сабанның қалдығын жағудан шыққан.

«Өрт қауіптілігі кезеңі басталғалы бері Қостанай облысында 158 1126,43 гектарды шарпыған дала өртенді. Орман өртіне келсек, 3 мамырдағы жағдай бойынша 1 531 гектар аумақты қамтитын 7 орман өрті болды», - деді А.Өрімбаев.

Өрт болған жағдайда, құтқарушылар төтенше жағдайды «101» немесе «112» нөмірлеріне дереу хабарлау - әр азаматтың міндеті екенін еске салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары