$ 494.87  520.65  4.91

Араққа тойып ап, ертесі ауыз бекітуге бола ма?

«Бір күн ішімдік ішсе, қырық күнін дұғасы қабыл болмас» деген сенім бар.  «Talk like» бағдарламасының жүргізушісі Аман Тасыған имамнан рамазан алдында ішімдік ішетіндер жайлы сұрады. 

«Араққа сылқия тойып алып, 1 жетіден соң ораза бастап кетсе бола ма?» деп сұрақ қойды Аман Тасыған. 

Алматы қаласындағы «Бекет ата» мешітінің имамы Орынбасар Орынбайұлы бұл сауалға  «болады» деп жауап берді. Өйткені оразаның өзінің парызы бар екен. 

«Парызынан құтылады. Бірақ ішімдік ішкендіктен сауабы кейінге шегеріледі. Өйткені парыз орындалуы керек. Сондықтан мен кеше арақ іштім, бүгін қалай ораза ұстаймын деп тоқтап қалуға болмайды», - дейді имам. 

Айта кетейік, бүгін қасиетті рамазан айының 3-күні.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ораза #арақ