$ 498.34  519.72  4.85

«Қазақ тіліңді бір жерге тығып қой»: Қазыбек Иса Серікжан Мамбеталинді сотқа беруге шақырды

«Руханият» партиясының жетекшісі Серікжан Мамбеталин «мемлекеттік тілді білмейсің» деп сынағандардың біріне «қазақ тілің бір жерге тығып қой» деп жауап берді. 

Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысына айтқан Мамбеталиннің бұл сөзіне ақын Қазбек Иса ызаланып, желідегі парақшасына жазба қалдырды. 

«ҚАЗАҚ ТІЛІҢ БІР ЖЕРГЕ ТЫҒЫП ҚОЙ» – бұл «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» форумының жалынды ұраны ма, Серикжан МАМБЕТАЛИН?!. Қасиетті Қазақ тілінің киесі ұрады деп қорықпайсың ба? Міне, біздің «саясаткерлердің» сиқы?!.  Қазақша жазған сауаты?  Бұл сабаздың шала шатпағына  қарасаң, тілдің атынан да, Ердің атынан да сотқа бере беруге болады… ҚАСИЕТТІ  ҚАЗАҚ ТІЛІ СЕНІҢ ӨЗІҢДІ  БІР ЖЕРГЕ ТЫҒЫП ЖІБЕРМЕСІН, СЕРИКЖАН!», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қазыбек Иса