Президенттік сайлауға қатысты сауалнаманы тек Орталық сайлау комиссиясына алдын-ала хабардар етіп қойған кемінде бес жылдық тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана жүргізе алады. Бұл туралы 8 мамырда ОСК отырысында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат ДЕМБАЕВ мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
- Тек заңды тұлғалар сауалнама жүргізу құқығына ие, жеке тұлғалардың мұндай құқығы жоқ. БАҚ мәліметтерінше, кейбір адамдар әлеуметтік желілер арқылы сауалнама жүргізуде», - деді Дембаев, және мысал ретінде басылымдардың бірінде жарияланған сауалнаманың бірін келтірді. Қазіргі таңда, сауалнаманың иесіне әкімшілік іс қозғалды.
Сонымен қатар, Дембаев сайлау учаскелерінде сауалнама алуға тыйым салатынын атап өтті.
«Осыған орай, ҚР Бас прокуратурасы барлық жеке және заңды тұлғаларды, бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау процесінің бұзылуына жол бермеуге шақырады», - деп қорытындылады Дембаев.