$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да жол-көлік оқиғасы салдарынан адам денесі бөлшектеніп кеткен

Бұл оқиға 9 мамырда түнгі сағат 02:00 шамасында Орал-Кирсанов көлік жолында болған, деп хабарлайды "Мой Город". 

Жол-көлік оқиғасы Володарское ауылының жанында болған. Жүк көлігі мен лада көлігі соқтығысып, салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуныша, екі көлік маңдайлық соқтығысқан. 

"Оқиға орнына келген құтқарушылар 2001 жылы туған жеңіл көліктің иесінің дене бөліктерін теріп жинаған. Ал 1958 жылғы жүк көлік иесі ешқандай жарақат алмаған. Жол-көлік апатына 4 құтқарушы мен бір техника барған", - деді  Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, жеңіл көлік иесі жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен.

"9 мамырда түнгі сағат 1.15 Дария ауылының тұрғыны лада көлігімен Орал-Кирсанов жолында қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп жүк көлігімен соғтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты. Осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары