Бүгін Нұр-Сұлтанда Есіл өзеніне батқан 12 жасар қызды құтқарған жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға Есіл өзенінде, «Газмашаппарура» бағбандық қоғамының аумағында орын алды. 12 жасар қыз суға батып бара жатқан итінің соңынан суға секірген еді. Алайда, итті құтқарамақшы болған қыз өзі суға бата бастады. Өзен сағасында балық аулап отырған жігіттің арқасында қыз аман қалды. Өкінішке қарай, қызды құтқарған 1981 жылғы жігіт ағысқа төтеп бере алмай, суға батып кетті. Оның денесін толқын жағаға жақындатып, куәгерлер жағалауға алып шықты. Қазіргі таңда, оқиға орнында жедел тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы ретте құтқарушылар қала тұрғындарына рұқсат етілген орындар мен арнайы жабдықталған жағажайларда ғана суға шомылу қажеттігін ескертеді.