$ 494.87  520.65  4.91

21 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған қарағандылық Украинада ұсталды

Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлері Полиция департаментімен бірлесе отырып, Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің көмегімен, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чабанов Константинді Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды baq.kz.

"Қазақстандық К.Чабанов Қарағанды қаласының аумағында 21 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін Чабанов қылмыстық қудалау органдарына ұстатпай кетуіне байланысты халықаралық іздеу жарияланған болатын" - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды, одан Қарағанды қаласына жеткізелетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары