Кеше ресейлік әнші Оксана Яковлева Жеңіс күніне орай видео түсірген болатын. Онда ол басына пилотка, үстіне гимнастерка киіп, бұтындағы іш киімімен сырықта би биледі, деп жазады Stan.kz.
Ол «Соғысқа тек қарттар ғана барады» фильмінде қойылған Яков Шведованың «Смуглянка» әніне би орындады.
Әнші инстаграм желісіне жариялаған видеоның астына: «Жеңіс күнімен!!! Бүгінгі парадқа кім барады? Бұл жарқын мерекені қалай мерекелеп жатырсыздар? Біз отбасымызбен парадқа барамыз, содан кейін бір жерге барғымыз келеді», - деген жазба жазған.
Айта кетсек, Яковлева 2018 жылдың қазан айында бейнебаян түсіру үшін Мәскеу айналма жолын бөгеп тастап, басы дауға қалған болатын. Бұл әрекеті үшін әнші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, оның күйеуі Алексей Яковлев бұрын Мәскеу облысының депутаты болған. 2019 жылдың 2-ші сәуірінде ол «болған жағдайдан көңілі қалғанын айтып» саясаттан кететінін мәлімдеді.