10.05.2019, 06:51

Нұр-Сұлтан қаласында "Жау жүрек полкі" шеруіне 25 мың адам қатысты

Биыл шеруге 25 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұрыс даласында қаза тапқан және Отанына аман-есен оралған жауынгерлердің ұрпақтары туған-туысқандарының портреттерімен "Қазақ елі" монументі алаңына жиналды.

Шеру монумент алаңында басталып, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы "Отан қорғаушылар" алаңына дейін жалғасты.

Іс-шараға тек қала тұрғындары ғана емес, сонымен қатар көршілес өңірлердің тұрғындары да қатысты, соның ішінде Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Степногорск, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындарымен қатар, шет мемлекеттен келгендер де болды. Шеруге қатысушылар "Отан қорғаушылар" монументіне 15 топқа бөлініп, еш кедергісіз гүл шоқтарын қойды.

Тегтер: Жеңіс күні