$ 498.34  519.72  4.85

Жазушы Энгельс Ғаббасов өмірден озды

Жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Энгельс Ғаббасов 78 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ол 1937 жылы 17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауданында дүниеге келген Энгельс Ғаббасов Орал педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін, Алматы Жоғары партия мектебін, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын бітірген. 1957-1968 жылдар аралығында мұғалім болған. Және осы жылдары комсомол ұйымдарының жұмысын атқарған. 1966 жылдан Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болды. 1996 жылы ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды.

1998 жылы Президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынды. Сол жылы 30 қыркүйекте ҚР Орталық сайлау комиссиясы кандидат ретінде тіркеді. 1999 жылдың 10 қаңтарындағы сайлау қорытындыларына сәйкес, барлығы 0,76 пайыз дауыс жинап, төрт кандидат арасында төртінші орын алды.

«Қарт шопан» атты алғашқы әңгімесі «Простор» журналында жарияланған. «Жапандағы жалғыз ағаш», «Өткен жаз бен осы қыста», «Ақша қар үстіндегі жасыл жапырақ», «Кішкентай бала мен екі еркек», «Махаббат хикаясы», «Ескірмейтін соқпақ жол» атты кітаптары оқырмандар мен әдеби ортадан өзіндік бағасын алған.

Оның қаламынан туған шығармалар әдебиетімізге қосылған бай мұралар санатында» деп жазады Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшылығы writers.kz сайтында.

Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағымен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары