$ 494.87  520.65  4.91

Суицидке барған бурабайлық полицейдің жанында тағы бір серігі болған

Екі адамды қағып өлтіріп, кейін өзі-өзіне қол салған полиция қызметкерінің жанында әріптесі де болған, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бұл туралы облыстық ІІД өткен баспасөз мәслихатында мекеме басшысының орынбасары Ризахмет Жәнібеков мәлім етті.

Оның айтуынша, полицейлер Бурабай кентінде екі адамды соққан жол талғамайтын «Инфинити» көлігі мен жүргізушісінің мәйітін сенбі күні кешке Еңбекшілдер ауданы аумағында, оқиға орнынан 90 шақырым жерден тапқан.

― Суцицид жасаған полиция қызметкері С.Үсеновтің қалтасынан оның ата-анасынан кешірім сұрағаны жөнінде жазылған жазбахат табылды. Сондай-ақ, оның қасында жол-көлік оқиғасы кезінде ІІД патрульдық полиция батальонының 2-ші взводының кіші сержанты М. Жүсіпов те болған, ― дейді Ризахмет Жәнібеков.

Қазіргі кезде аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, М.Жүсіповтің үстінен де «Қылмысты жасыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары