$ 494.87  520.65  4.91

Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан 9 адам көз жұмды

Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған. Lada автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, басқа көлікпен соқтығысқан. Жол апатынан 9 адам көз жұмды. Олардың 3-еуі әйел. 

Қайтыс болғандар Алматы, Шымкент, Түркістан және Алматы облысының тұрғындары. 

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары