$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыдағы Достық үйінің маңайына 100 көшет отырғызылды

Бүгін Қарағандының Достық үйінде Қазақстан халқы бірлігі күніне және Ұлы Жеңіс күніне арналған ағаш отырғызу акциясы өтті. Өңірлік ассамблеяның ұйымдастыруымен өткен шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Дулатбеков, Арман Қожахметов, Нұр Отан партиясы филиалының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, меценаттар және ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы қатысты. 

Атап өтейік, акцияны ұйымдастыруға мәслихатдепутаты, меценат,аймақтың өркендеуіне үлес қосып жүрген Иван Георгияди ниет білдірген болатын. Барлығы бұл күні қарағай, шырша, пирамидалы терек және алма ағаштарынан тұратын 100 көшет егілді. Қатысушылар бұндай шараға қатысу әрбіріміздің қаламыздың дамуына қосқан үлесіміз дейді. Қазіргі мезгіл ағаштардың тынығатын кезеңі, бұл маусым көшет отырғызып, егілген ағаштардың орнынаустыруға өте қолайлы. Бүгін егілген көшеттердің барлығы Қарағанды қаласының табиғи-климаттық жағдайына бейімделген, сондықтан өмір сүру деңгейі - 93-94%-дықұрайды.

«Бүгінгі шараға әр түрлі этнос өкілдерінің жалындаған жасынан бастап егде тартқан үлкеніне дейін жұмыла қызмет етуде. Бәріміздің басымызды қосып, игі іске себепкер қылған әрине біздің Ассамблея. Бүгінгі отырғызылған жас көшеттер бірнеше жылда гүлденіп үлкен аллеяға айналатынына сеніміміз мол. Жарқын болашақта бүгінгі қатысушылардың бірі немересін осы баққа әкеліп, өзі отырғызған мәуелі ағашты көрсетеін болар»,- деді кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Лилия Ким. Депутат Нұрлан Дулатбеков болса, өткізілген акция Ассамблеяның жақсы дәстүрлерінің жалғасы деп жылы лебізін білдірді.

Қарағанды облысы еліміздегі көпэтнос өкілдері шоғырланған бірегей аймақтың бірі. Мұнда 100-ден астам әртүрлі этникалық топ өкілдері ғұмыр кешуде, олардың әрқайсысы қазақстандық қоғамды нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.Бүгінгі акция соның бір дәлелі. Қатысушы жастар мен облыстық ҚХА ардагерлері күш біріктіріп көшеттерді жылдам отырғызды.

«Мұндай игі шаралар бізді жақындастырады. Бүгін жақсы бір іске себепші болдық», - деді «Намус» әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы Гюлаға Рзаев. Гюлағаның айтуынша, бүгінгі ағаш отырғызу жастар үшін ерекше үлгі болды, себебі қандай жасқа келсеңде туған қалаң үшін қамқорлық жасаудан аянып қалмау керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары