Instagram әлеуметтік желісіндегі @kaz_stars парақшасында боянып алып билеген екі жігіт жұрттың ашуына тиді.
Видеода жігіттердің бірі кіндігін ашып, екіншісі тілін шығарып қылжақтайды. Екеуі де рэп оқып, қыздар секілді майысады. Желі қолданушылары оларды намысты болуға шықырып жатыр.
@manas.islambekov есімді желі қолданушысы «Малдан да төменсіңдер» деп пікір білдірсе, енді бірілері «Ең болмаса рамазан айында тыныш отырмадыңдар», «Еркек емес, ез бұлар. Намысты болсаңдаршы» деп ашуланды.