13.05.2019, 09:32

Түркістан облысында кафедегі жарылысынан екі адам көз жұмды

1958 жылы туған ер адам мен бес жасар бала алған жарақатынан мерт болды. Денесінің 75%-ын күйік шалған әйелге шұғыл шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді, алайда науқастардың денесінің 95%-ын күйік шалғандықтан оларды құтқару мүмкін болмады", - деп хабарлады денсаулық сақтау департаменті.

Бұған дейін ауызашар кезінде кафеде газ жарылып, 8 адамның жарақат алғанын хабарлаған едік.