13.05.2019, 09:41

Қарағандыда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

Қарағандыдағы Күзембаев көшесінде 4 жасар бала 3-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Бұдан басқа, 9 мамыр күні Өскеменде 9 қабатты үйдің 5-қабатынан 2005 жылы туған қыз бала құлап, ауруханаға жеткізілді. 

Күні кеше, 12 мамырда Нұр-Сұлтандағы Момышұлы даңғылында 9 қабатты үйдің 3-қабатынан қыз бала құлап кетті. Дене жарақатын алған оны жедел жәрдем көлігі ауруханаға жеткізді.

ҚР ІІМ ТЖК ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Сондай-ақ сәбилерді үйге жалғыз қалдырмауды ескертеді.

Тегтер: Қарағанды