$ 448.15  483.46  4.86

Ким Кардашьян Нұр-Сұлтанға келеді

Актриса, модель Ким Кардашьян Нұр-Сұлтан қаласына келеді. Бұл туралы Instagram-дағы shymkent_news_ парақшасы жариялады.

Әйгілі модель елордадағы танымал қонақ үйлердің бірінде өтетін шараның басты қонағы болады деп күтілуде.

Ал, желі қолданушылары аталмыш жаңалыққа байланысты наразылықтарын танытты.

«Ақшаны босқа шығындаудың не керегі бар?», «Атақ үшін ғана осынша ақша құртты. Одан да қайырымдылыққа жұмсамай ма?», «Бұл кімге керек?», «Халыққа бір мерекені тойлап беруге келгенде ақша жоқ. Жекеменшік кеш ұйымдастыруға шенеуніктерде ақша табыла кетеді» десті олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары