$ 498.34  519.72  4.85

Президент Атырау облыстық ПД бастығына қатысты қатаң шара қолданылатынын ескертті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық полиция департаменті басшысының әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды. 

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

«ІІМ Е.Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады», –  деп жазды Тоқаев. 

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Атырау облыстық полиция департаменті басшысының сыйлыққа сәйгүлік мініп, халық қошеметіне бөленген сәті түсірілген видео қызу талқыланған болатын. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары