Жаңалықтар 15.05.2019 сағат 08:42

Instagram-да 600 мың теңге жинаған ақтөбелік студент 400 адамға ауызашар берді

Ақтөбеде Рамазан айында сауапты іс жасауды қолға алған студент ел алғысына бөленуде. Instagram оқырмандарынан 600 мың теңге жинап алған Назарбек Бисембиұлы бірнеше күн қатарынан ауызашар өткізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram-да 600 мың теңге жинаған ақтөбелік студент 400 адамға ауызашар берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Бұл жалғыз мен атқарған іс емес. Көпшіліктің ауызбіршілігімен қолға алынып жатыр. 51 еріктіден құралған «Нұр шапағат» қайырымдылық қоры да атсалысты.

Instagram арқылы «200 теңгемен ауызашарға үлес қос» деген үндеу жасалды. Атсалысқандар көп болды. Кейбіреулер 3 мың теңгеге дейін салды. Осылайша аз уақыт ішінде 600 мың теңге көлемінде қаржы жиналды.

«Қазір мешіт жанындағы асханада имамдардың қатысуымен ауызашар дастарханын жасап жатырмыз. Ауызашар кезінде діни сұрақтармен шағын ойындар өткізіледі»,-деді Ақтөбе теміржол колледжінің 4 курс студенті Назарбек Бисембиұлы.

Сонымен қатар, студент 100 шақты автокөлікке Рамазан айымен құттықтау сөздері жазылған жабыстырма қағаздар дайындауда.

Бірден тез еріген қысқа метео болды. Сонымен қатар, танымал мессенджерде шығысқазақстандықтар бір-біріне қарлы Алтайдың (бұрын Зыряновск қаласы) суретін жібереді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар