Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қайтыс болған видеосы ғаламторда жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Апат 9 мамырда Көкшетаудан үш шақырым жерде Петропавл - Нұр-Сұлтан жолында болды. Видеода көрсетілгендей шенеунік отырған көлік жолдың шетінде тұрған Камазға барып соғылды. Салдарынан Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Нұркенов Жомарт Жомағалиұлы мен оның жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.