15.05.2019, 10:02

Үндістанда ауа райының қолайсыздығынан 20-дан астам адам қайтыс болды

Үндістанның Ассам штатында  ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен аптаның ішінде 23 адам қайтыс болды. Бұл туралы апатты жағдайды басқару органы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, Ассам штатының 13 тұрғыны найзағайдан қайтыс болса, ал қалған 10 адам жойқын желдің салдарынан қаза тапқан.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап ауа райының қолайсыздығынан 23 мыңға жуық отбасы зардап шеккен. Ең үлкен залал Голагат, Сивасагар, Зубри, Сонтипур және Качар аудандарына тиді.

Билік өкілдері қайтыс болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтып, мемлекеттік бюджеттен 400 мың рупий (шамамен 5,7 мың доллар) қаржы бөліп берді.

 

Тегтер: Үндістан