42 жастағы ер адам жаяу жүргіншілер жолымен жолды кесіп өтпек болған. Алайда, жүйіткіген көліктің астында қалды. Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды YK-news.kz.
Оқиға 14 мамырда сағат 21.30-да болған.
"35 жастағы жүргізуші Тоғас көшесіндегі Ахмирово ауылына қарай жүріп бара жатқанда, Родничок бағбандық қауымдастығына бұрылыста 1977 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам жарақат алып, оны мамандандырылған медициналық орталықтың жансақтау бөліміне жеткізді", - деді Өскемен қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметі.
Жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.