Ертең сағат 9:55-те теле-радио арналарда дабылдар қосылып, құлақтандыру жүйелері тексеріледі, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының ТЖД-ға сілтеме жасап.
«Төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады Ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек.
Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырады.