17.05.2019, 03:04

Алматы іргесіндегі полигонда шыққан өрт бәсеңси түсті

Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрт бәсеңси түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатқан техникаларға қосымша тағы 10 Камаз бен өрт сөндіруші машиналарға су құятын 10 техника қосылды. 

Оқиға орнында Алматы қаласы мен облыс әкімдігінің, төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызмет өкілдерінен құралған  комиссия жұмыс істеп жатыр. 

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісовтың айтуынша, өрт шамамен 1 га жерді жандырған. Ең тиімдісі қазір өрт аумағын топырақпен көміп, өртенген қоқсықтың түтінінің ауамен байланысын үзу болып табылады.   

Айта кетейік, бүгін таңертең алматылықтар қала төбесінде пайда болған түтін иісіне шағымданған болатын. ҚР ІІМ ТЖК түнде Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында қоқыс полигоны өртенгенін хабарлады.