$ 494.87  520.65  4.91

Азаматтық авиация комитеті Air Astana ұшағының Мәскеуге апаттық жағдайда қонғанын жоққа шығарды

Азаматтық авиация комитеті Air Astana ұшағы Шереметьево әуежайына апаттық қону жасады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ААК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдері «Air Astana» компаниясының мәліметтеріне сілтеме жасап, ресейлік және қазақстандық БАҚ-та пайда болған апаттық қону туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді. 

«2019 жылдың 16 мамырында КС873 рейсімен Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыты бойынша ұшуға тиіс ұшақ кейінге қалдыруға болатын ақауға байланысты 40 минутқа кешіктірілді», – деп түсіндірді комитет өкілдері.

Сондай-ақ, пайда болған ақаудың әуе кемесін қолдануға мүмкіндік беретіні баса айтылды.

Экипаж командирі Ресей астанасының әуежайында тежеу жолы ұзақтау болуы үшін ұшу-қону жолағын түгел берілуін сұраған.

Азаматтық авиация өкілдерінің сөзінше, ұшқыш барлық шектеулерді ескеріпті.

«Апаттық қону туралы ұшақ командирі жарияламаған. Қону штаттық режимде өтті, жолаушылар терминал түтігімен өтті», – деп мәлімдеді ведомствода.

Еске сала кетейік, осыдан бұрын Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге ұшқан «Air Astana» компаниясының ұшағы Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонды деген ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Мәскеу #Air Astana