$ 494.87  520.65  4.91

Кейуана құтқарушының көз алдында суға батып кетті

Қытайдың Хэнань провинциясында кейуана құтқарушының көз алдында бассейнге батып кетті, деп хабарлайды lenta.ru.

Құтқарушы суға батып бара жатқан 62 жастағы әйелден 9 метр қашық жерде болған. Алайда ол кейуанаға назар аудармапты. Ер адам телефонына қарап, бассейннің жанында жүрген. Арада 10 минут өткеннен кейін сол жердегі адамдар оны көмекке шақырды. Кейуананы судан алып шыққанымен, ол қайтыс болып кеткен екен.

Қайтыс болған әйелдің туыстары оның зейнетке шыққанына екі жыл болғанын және денсаулығы жақсы болғанын айтты. 

Жергілікті билік органдары спорттық кешеннің бассейнге лицензиясы болмағанын анықтады. Қазіргі таңда жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары