$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда халықаралық әуежайдың іргетасы қаланды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістандағы іссапар барысында облыс орталығында бой көтеретін халықаралық әуежайдың іргетасын қаланды. Оған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Мамин халықаралақ әуежайдың іргетасы қалануымен құттықтап, халықаралық маңызы бар нысанның уақытылы пайдалануға беру қажеттігін айтты.

Өз кезегінде компания басшысы Арслан Хусейн Үкімет басшысына терминалдың халықаралық және ішкі рейстерде сағатына 250 адам қабылдауға қауқарлы екендігін жеткізді.

Түркістан қаласындағы жаңа әуежайдың құрылысын түркиялық инвесторлар жүргізеді. Салатын мердігер мекеме туркиялық «Ида иншаат санайи ве тиджарет аноним ширкети». Халықаралық әуежай Түркістан қаласынан 16 км қашықтықта орналасқан. 900 гектар аумақта терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу жоспарланып отыр. Халықаралық әуежай 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Айта кетейік, облыс орталығында тұңғыш рет халықаралық әуежай салынбақ. Әуежайдың құрылысына ең үздік қазақстандық және шетелдік сарапшылар тартылатын болады. Құрылыс индустриясының жаңа жетістіктерін пайдалану жоспарланып отыр.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары