Жаңалықтар 20.05.2019 сағат 05:10

Колумбияда жарылыс болып, бірнеше адам зардап шекті

Колумбияның солтүстік шығысында мерекелік концерт кезінде граната жарылып, кем дегенде жеті адам зардап шеккен. Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.

Колумбияда жарылыс болып, бірнеше адам зардап шекті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, жарылыс жексенбі күні Теорама қаласында таңғы уақытта болған. Муниципалитеттің 207 жылдығына арналған концертте белгісіз біреу жиналған топқа граната лақтырған. Салдарынан екі әскери қызметші және бес азамат жарақаттанды. Зардап шегушілерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда, жергілікті билік органдары оқыс оқиғаға байланысты тергеу жумыстарын бастап кетті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар