Ғалымдар адам миын не жасартатының анықтады. Колумбия университетінің зерттеушілері дене шынықтыру жаттығуларының ми жұмысына қалай әсер етітінін білу үшін қызықты зерттеу жүргізді, деп жазады sb.by.
Сынаққа 20 мен 67 жас аралығындағы 132 адам қатысты. Олар 6 ай бойы аптасына төрт рет аэробикалық жаттығу жасаған. Нәтиже таң қаларлықтай. Дене жаттығулары қатушылардың ой қабілетін арттырып, тест нәтижесі әлдеқайда жақсарған. Осыған орай ғалымдар «миды сергіткің келсе – жаттығу жаса» деген тұжырымға келген.
Бірақ зерттеушілер 60-тан асқан әйелдерге күнделікті жаттығу уақытын бір сағаттан асырмау қажет десе, ерлерге керісінше көбірек қозғалу қажетін айтады.
Сонымен қатар мидың қалыпты жұмысы мен оның жасушалараның жасарып, дамуы үшін В6 дәрумені қажет. Ал ол теңіз өнімдері, майсыз ет, ноқат, құс еті, картоп пен бананның құрамында бар.