Жаңалықтар 20.05.2019 сағат 06:08

Қостанайда үй өртеніп, бір адам көз жұмды

Өткен демалыс күндері Қостанай облысында екі өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда үй өртеніп, бір адам көз жұмды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кісі өлімімен аяқталған қайғылы оқиға Денисов ауданында болды. 

«Глебов ауылында жеке тұрғын үй секторы жанды. Өрт 1 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында 1967 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Өрт туған-туыстарының көмегімен сөндірілді. Кісі өлімінің себептері анықталуда», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. 

Осы оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Рудный қаласының Октябрьдің 50 жылдығы көшесінде пәтер өртенді. Тұрғын үйден 25 адам эвакуацияланды, оның төртеуі – бала.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар