Жаңалықтар 20.05.2019 сағат 09:20

Бішкектен Қазақстанға кірмек болған жүк көліктері қайта бөгеле бастады

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері қайта бөгеле бастады. 19 мамыр күні кешке қарай «Ақ-тілек» өткізу пунктінде (Қазақстанда бұл Қарасу кеден бекеті аталады) Қазақстанға өтпек болып, кезек күтіп қалған жүк көліктерінің саны 50-ге таяды. Бұл туралы Қырғызстан шекара қызметіне сілтеп, Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Бішкектен Қазақстанға кірмек болған жүк көліктері қайта бөгеле бастады
Фото azattyq.org
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шекара қызметінің мәлімдеуінше, көліктердің бөгелуіне Қазақстан шекарашыларының тексеруді қатаңдатуы себеп. Бішкек «Қырғызстан тарапы елге көліктерді кідіріссіз өткізіп жатыр» деп хабарлады.

Өткен аптада интернетте жүргізуші мен шекарашылардың дауласып қалған видеосы тараған. Қырғызстан шекара қызметі оқиғаның Қазақстан аумағында болғанын айтады.

Биыл 19 наурызда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Ақ-тілек автожол» өткізу бекетінде көлік кептелісі пайда болып, 31 наурызда кезек күткен көліктер саны 250-ге таяған. Бұған Қазақстан жағына өткелі тұрған көліктердің мұқият тексерілуі себеп болғаны хабарланған. Бішкек «шекарадағы тексеру Еуразия экономикалық одағының талаптарына қайшы» деп мәлімдеді. Нұр-Сұлтан мұны жоққа шығарған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар