Ақмола облыстық Білім басқармасының мәліметінше, оқиға 17 мамыр күні сағат 12:30-да Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында «Алау» облыстық әскери-спорттық ойындар эстафетасын өткізу кезінде болған, деп хабарлайды informburo.kz.
Ақмола облыстық Білім басқармасының мәліметінше, оқиға эстафета кезінде болды.
Жарысқа қатысушы 9 сынып оқушысы мәреге жетер жолда есінен танып, құлап қалған.
Жасөспірімге облыстық емдеу-профилактикалық диспансерінің медициналық қызметкерлері бірден көмек көрсеткен. Кейін оны ауруханаға алып барғанымен, оқушы есін жимастан сағат 13:00 шамасында көз жұмған.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, жасөспірімнің жүрегі ауырып жүрген көрінеді.
Жеткіншек тірі болғанда 6 маусым күні 16-ға толатын еді.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.