Қарағандыда жолаушы мен кондуктордың төбелесі түсірілген видео желіге тарап кетті, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Оқиға 20 мамыр күні Назарбаев даңғылында болды. Кондуктор мен жолаушы арасындағы жанжал қоғамдық көлікке отырғызу барысында басталыпты.
Видео авторының айтуынша, №43-ші автобустың кондукторы жолаушылардың біріне қол жұмсаған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ал, аталған оқиғаға байланысты куәгерлердің пікірлері екіге жарылды. Жолаушылардың бір тобы кондукторды жақтап жатса, екінші тобы кондуктордың қол жұмсағаны ерсі іс деп тануда.