$ 498.34  519.72  4.85

«Кейде адамдарды ұрып тұру керек»: Айжан Байзақова ұлын қалай тәрбиелеп жатқанын айтты

А. Байзақова ұлын қалай тәрбиелеп жатқанын айтты.
nur.kz
nur.kz

Айжан Байзақова ұлына өзін жамандаған адамның сазайын тартқызатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Атышулы ару Айжан Байзақова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлын қалай тәрбиелейтініні жазды. Ол сұхбаттан мысал келтіре отырып, ұлын анаң жаман деп айтқан адамды ұрып тастайтындай етіп өсіретінін жеткізді. Өзінің қылықтарына намыстанбайтын Байзақова ұлына намысты үйретпек.

«Кеше Филипптің сұхбатын көрдім. Ксюша оған «Ұлым туған кезде мектепте анаң жаман деп бетіне басады деп уайымдадым. Сен солай уайымдайсың ба?» - деді. Ал Филипп солай айтқаны үшін ұлының біреуді ұрып тастағанын айтты.

Осы тақырып бойынша келген пікірлерге жауап берейін. Мен өзімнің ұлымды боксқа беремін, сол кезде мен туралы айтқан адамды ұрып тастауға қауқарлы болады. Сосын мен мектепке барып сол баланы тәрбиелеген ата-анасының сазайын беремін. Сондықтан біз үшін уайымдамаңдар. Кейде адамдарды тәрбиелеу үшін ұрып тұру керек. Қалжыңдауым да, қалжыңдамауым да мүмкін», - деп жазды Айжан Байзақова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары